Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері ұсталды — новости Казахстана

0

Қырғызстанда экс-вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасаған 24.kg хабарлайды.

Дуйшенбек Зилалиев. Фото с сайта gov.kg

Дуйшенбек Зилалиев. Фото с сайта gov.kg

Басылымының жазуынша, бұрынғы лауазымды шенді халықаралық «Манас» әуежайынан ұшып кетпекші болған. Үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған экс-шенеуніктің елді аумағынан шығуға құқы жоқ.

Азаттық мәліметінше, Дуйшенбек Зилалиев жаңадан қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған. Бұл туралы оның адвокаты Учкун Каримов Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлаған.

Дуйшенбек Зилалиев Қырғызстанның геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік агенттігін басқарған кезде кен орнын игеруге лицензияны заңсыз берген деген күдікке іліккен.

Еске сала кетейік, 2017 жылы қарашаның 24-і күні Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтің ант беру рәсімі өткеннен кейін Дуйшенбек Зилалиевің үстінен Қылмыстық кодекстің 228-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар тарату») бойынша іс қозғалған.

Бұрынғы вице-министр президентті ұлықтау күнінде кортеж өтуі тиіс тас жолға жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабар берді күдікке ілінген.

Экс-шенеуік өзіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарғанымен 2018 жылы қазанда сот оған үш жыл мерзімге шартты жаза кескен.