«Құлақтағы сырғасы мен қорадағы бұзауын алып кеткен»: Бір аптадан кейін ажырасқандардың туысы дүние үшін қырқысты

0
672

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Шымкент қаласында тұратын бұрынғы екі туысының өзінше билік етіп, алтын сырғасы мен қорасынан бұзауын алып кеткенін жеткізген, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша Түлкібас АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден оқиға орнына келіп, жәбірленуші тұрмысқа шығып, бір аптадан кейін ажырасқанын анықтады. Біраз уақыттан кейін оның қайын әпкелері «қалың малды» қайтаруды талап еткен. Осыған байланысты олардың арасында жанжал туындаған. Ақшаны қайтара алмаған соң, бұрынғы туыстары келінінің құлағындағы сырғасы мен қорадағы бұзауын алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түлкібас АПБ-нің полицейлері өзінше билік еткен құқық бұзушының жеке басын және тұрғылықты жерін анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Жәбірленушіден заңсыз алынған мүлік иесіне қайтарылды. Күдіктілердің бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық жанжалдарды болдырмау үшін жанжалды мәселелерді заңды түрде шешуді ұсынады.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз