«Ақшасы да, азаматтығы да керек емес»: Жас жігіт 80-дегі әжеге үйленіп алды

0

Ұлыбританияда 80 жастағы әйел 35 жастағы араб азаматымен көңіл қосып, ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Айрис Джонс Мысырдан келген сүйіктісі Ахмед Ибрихаммен бірге «Бүгінгі таң» телешоуына қатысып, жеке өмірі туралы баяндағаннан кейін елге танымал болды. Олар 2019 жылы Facebook арқылы танысқан. Көп ұзамай әйел Каирдегі ғашығына жол тартады. Эфирде олар жеке өмірі туралы ағынан жарылып, бақытты екендерін сөз еткен. Оғаш жұптың Мысырда некесін қидырғаны белгілі болды. Сүйіктісі үшін британиялық әйел ислам дінін қабылдапты. Күйеуі олардың некесі шынайы махаббатпен қиылғанын алға тартты.

«Мен оның азаматтығын немесе оның ақшасын қаламаймын. Мен өз өміріме ризамын, жұмыс істеймін және Аллаға шүкір, менің жеке жинағым бар», — деді Ибрихам.

Ол махаббат «соқыр» екенін және оның ғашығы анасынан 20 жас үлкен болғаны оған еш әсер етпейтінін айтуда. Айрис Каирге келгеннен кейін мысырлық азамат сүйіктісіне көбірек уақыт бөлу үшін жұмысын тастайды. Әр апта сайын мүгедектік бойынша 200 фунт стерлинг (20 мың рубль) зейнетақы алатын Айрис 40 жыл бұрын алғашқы күйеуінен ажырасып кеткені белгілі болды.