ҚР Бас прокуроры ауысты

0

Жаңа Бас прокурор болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды.

Бүгін, 18 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Қожамжаров өзге қызметке ауысуына байланысты ҚР Бас прокуроры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР жаңа Бас прокуроры қызметіне Ғизат Нұрдәулетовтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар оны бірауыздан қолдады.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы

Соңғы қызметі: ҚР Бас прокурорының Бірінші орынбасары

Туған жылы: 11.06.1964

Туған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қаракәстек ауылы

Білімі:

· С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1986)

Заңгер

Еңбек жолы:

· Колхоз заңгері (1987-1990);

· Прокуратура органдарындағы жұмыс (1990-1996);

· ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында жұмыс (1996-1997);

· ҚР ҰҚК органдары (1997-2007);

· ҰҚК Алматы облыстық департаментінің бастығы (2007-07.2017);

· ҚР Бас прокурорының Бірінші орынбасары (07.2017 бастап)

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры (06.05.2013 бері).

Бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаров 2017 жылдың 11 желтоқсанында тағайындалған болатын.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz