Экс-министр Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

0

Ол 2016-2019 жылдары сыртқы істер министрі қызметін атқарған болатын

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Президент жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция корольдігіндегі елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қайрат Әбдірахманов 2016 жылдың 28 желтоқсанынан 2019 жылдың 26 желтоқсанына дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарған болатын.

1964 жылы Талдықорған облысындағы Панфилов қаласында  дүниеге келген.

1987 жылы  тарих мамандығы бойынша С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін тамамдады. Әр жылдары Қайрат Әбдірахманов Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Израильдегі және Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болды.

sputniknews.kz