Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекетке елшілерді тағайындады — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін, 18 наурызда, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекетке елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

«Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», — делінеді хабарламада.

Айта кетсек, сондай-ақ, бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz