Қостанай облысындағы Федоров селосына көгілдір отын келді

    0
    271

    «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында Федоров селосын газбен қамтамасыз етіп отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын үлкен магистральды газ құбырының құрылысы аяқталған болатын. Рудный қаласынан басталған 68 шақырымдық құбыр Қашар кенті арқылы Федоров ауданына жеткізілді. Енді өткен жылы Федоров селосының ішіне құбырлар жүргізіле бастады. Мұның барлығы Президентіміздің қамқорлығы арқасында мүмкін болып отыр. Газ адамдар тұрмысын жақсартады, қуаныштарыңыз құтты болсын! Келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!» деді Архимед Бегежанұлы.

    Федоров селосында келесі жылдың мамыр айында газ құбыры құрылысының екінші кезегі, ал күзге қарай үшінші кезегі толық аяқталатын болады.

    «Газ құбыры келгеннен-ақ қуанышымызда шек жоқ. Әрі таза, әрі жылы, әрі арзан. Көмір жағудың бейнетінен арылатын болдық. Президентімізге де, облыс, аудан басшыларына, газшыларға үлкен рахмет» дейді Федоров селосының тұрғыны Рысалды Есмұхамбетова.

    Селода 3000 абонент, 12 мың адам көгілдір отынның игілігін көреді.

    Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

    «Егемен Қазақстан»

     Қостанай