Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады

0
71
Алдағы үш тәулікте күн күрт суытады


Жылы ауа райынан кейін алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытады.

«Қазгидромет» синоптиктері 1 желтоқсанға дейін Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың солтүстік-батысқа ауысып, Баренц теңізі жақтан арктикалық ауа массаларын әкелетінімен байланысты.

Күн суытар алдында Қара теңіз циклоны мен онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың солтүстігіне қарай жылжиды. Нәтижесінде қар, бұрқасын, батыстан қатты жел соғып, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады.