Қостанай облысында жеті жасар бала түсініксіз жағдайда көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жеті жасар бала үйдің ауласында алған жарақаттардан кейін көз жұмды. Оқиға Қостанай облысының Амангелді ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бала 17 мамырда басынан жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды «Алау» облыстық басылымы. Бала ес-түссіз болды.

«Оған ауыр бас жарақаты диагнозы қойылды. Бас сүйектері сынған. Эпидуральды гематома. Кома. Нейрохирургиялық ота жасалды. Өкінішке орай, біз баланы құтқара алмадық. Жарақаттың мән-жайын білмейміз», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, бала бір күннен кейін есін келместен, реанимацияда көз жұмды.

stan.kz