Алматыдағы Есентай өзенінде лас көпіршектердің ағып келуіне байланысты тексеріс басталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы Есентай өзенінде сабынды көпіршіктердің ағып келуіне байланысты тексерістер басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пена

Өзендегі түсініксіз көпіршіктерді байқаған қала тұрғыны бұл туралы желідегі парақшасында жазыпты. 

«15 мамыр күні шамамен кешкі сағат 16-да өзеннің бетінде көбік пайда болды. Таныс санитар дәрігердің пайымдауынша, өзенге жолды өндейтін реагент ағып келген»,– дейді  алматылық.

пена

Қазіргі таңда осыған байланысты сараптама жұмыстары жүргізілуде екен.

«Жиынға қаланың жасыл экономика басқармасы, Медеу және Бостандық ауданы әкімдіктері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері мен өтініш берушілер қатысты. Зерттеу жүргізу үшін су мен көбік сынамасын алу туралы шешім қабылданды. Талдау нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады», — деп толықтырды басқармадан.

пена

 

stan.kz