Қос сөздер, күрделі сөздер

0
289
Қазақ тілі 4 сынып
Cабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сөз ішінен қос сөздер табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтыңәдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын түрлерін талдау, жинақтау әдісі.
Сабақтүрі: Аралас сабақ
Пәнаралықбайланыс: дүниетану, анатілі

Сабақбарысы:
I. Ұйымдастырукезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу, Назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық тренинг
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып, білім аламыз.
3. Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу:
І топ. «Ақшақар» тобы
ІІ топ. «АязАта» тобы
ІІІ топ. «Аққала» тобы
Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру:
– Оқушылар, қандай мереке жақындап келе жатыр? /жаңа жыл мерекесі/
– Ендеше, бізді Мұз ханшайымы жаңа жылдық кешке шақырады. Біз мұз шаһарына саяхат жасауымыз керек. Оған жету үшін бірнеше кедергіден өтуіміз керек. Біз мұз шаһарына жетуімізге біздің біліміміз көмекке келеді. Ендеше, сәттілік тілеймін.
«Мұз шаһарына саяхат»
1 – кедергі. Үй тапсырмасы
2 – кедергі. Жаңа тақырыппен танысу
3 – кедергі. Жаттығу жұмыстары
4 – кедергі. Топтық жұмыс

II 1 – кедергі.
Үй тапсырмасын тексеру:
26 – жаттығудың тапсырмасы. 101 – бет.
Қайталау сұрақтары:
– Күрделі сөз дегеніміз не?
– Олар қалай жасалады?
– Біріккен сөз деп қандай сөздерді айтамыз?
– Мысал келтіріңдер.
ІІІ 2 – кедергі.
Жаңа тақырыппен танысу.
Дәптермен жұмыс: Күннің жадын және тақырыпты дәптерге жаздыру.
Қос сөздер. ТтТт Тт. Дауыссыз қатаң.
Мұғалімнің сөзі: Бүгін біздер күрделі сөздің бірі – қос сөздермен танысамыз.
Бүгінгі сабақтың мақсаты: Сөйлем ішінде қос сөздерді таба білуге, түрлерін ажырата білуге меңгерту.
Ереже: Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп аталады. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады. мая – мая, әке – шеше, көре – көре, құрал – сайман.

ІV. 3 – кедергі.
Жаттығу жұмыстары
Кітаппен жұмыс. 34 – жаттығу. Өлең.
Қора – қора қой жатыр,
Қарын – қарын май жатыр.
Түйе – түйе жүн жатыр,
Ауыл – ауыл ел жатыр.
Осы өлең жолдарынан күрделі сөздерді табу. Олар қалай жасалып тұрғанын байқа./Түбір сөздердің қайталанып айтылуынан жасалған./
28 – жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз:
Көре – көре көсем боларсың,
Сөйлей – сөйлей шешен боларсың.
Қандай өзгеріс болды? /Түбірдің қайталануы арқылы жасалады./
Дәптермен жұмыс. 29 – жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жаз.
Биік – биік, ыдыс – аяқ, кіп-кішкене, көйлек – көншек, анда – санда, қарқ – қарқ, жап – жасыл.
Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудар. Өзің қалаған қос сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құра.
30 – жаттығу. Тақтамен жұмыс. Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Балалар қардан аққала жасап ойнап жүр. Үсті – бастары қар. Биік таулар алыстан көз тартады. Айгүлдің шашы желмен желп етті. Жанат бұған қуана келісті.

V. 4 – кедергі.
Топтық жұмыс. (Әр топқа А3 қағаз бен маркер таратылады.)
І топ. Қос сөз қатысқан мақал – мәтел жазыңдар.
ІІ топ. Қос сөз қатысқан жұмбақ жазыңдар.
ІІІ топ. Қос сөздің сыңарын тауып жазыңдар
Анда –
күте –
сылдыр –
жауын –
рет –
кезек –
Жеке оқушылармен жұмыс. Кеспе қағаздар тарату.
Сергіту сәті. (Оқушылар сергіп, жаттығу жасайды.)
31 – жаттығу. Кестеге қара және түсіндір.
Дайындаған: Балтаева Б.

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/