Қазақстанды көруге құштар америкалықтар саны артып келеді

0

2018 жылғы 24 желтоқсан 02:45 268

АҚШ-тың мәдениет қайраткері: Қазақстанды көруге құштар америкалықтар саны артып келеді


АСТАНА. ҚазАқпарат — Америкалықтар Қазақстанды көруге құштар. Олардың арасында АҚШ-тың мәдениет қайраткері Сандра Дакоста бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол ұлы даланың тарихы мен мәдениеті жайында білгісі кеп, біздің жаққа аңсары ауып тұратынын айтады. Жалпы Дакоста америкалық шоу бизнесте белгілі тұлға. Сандра АҚШ-тың көптеген жұлдызымен бірге жұмыс істеген. Олардың арасында әйгілі джаз орындаушысы Майлс Дэвис, әнші Майкл Джексон және Мэрайя Кэри бар.

«Мен Қазақстанның үлкен жанкүйерімін. АҚШ пен Қазақстан арасында жаңа туристік бағыттар ашылып жатқанына қуаныштымын. Бұл сіздің елге барып, мәдениетін танысам деушілерге үлкен мүмкіндік. Біз америкалық еріктілердің Қазақстанға барып ағылшын тілін үйрету бағдарламасын қолдаймыз. АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра беруі тиіс. Бізге қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, музыкасы және ұлттық тағамы да ұнайды», — дейді продюсер Сандра Дакоста.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz