Қорқыт мазарының картасы таныстырылды | «Айқын» газеті

0
113

Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы аясында бірнеше кітап жарық көрді. Қазақ ұлттық өнер университеті Қорқыт ата ғылыми-зерттеу институты дайындаған «Шешендік өнер» (VIII-IX том), Мырзатай Жолдасбековтың «Ойтолғау», «Қалың қазақтың қадірлісі» және Әлқуат Қазақбаевтың «Қорқыт ата аңыздары мен күйлері» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Аталмыш кітаптар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында жүзеге асып отыр. «Шешендік өнерде» – қазақ халқының шешендік өнерінің философиялық мән-маңызы қамтылған. «Ойтолғауда» ел мен жер тағдыры, тарихи мұра, тұлға туралы нақыл сөздер, өлеңдертоптастырылған. «Қалың қазақтың қадірлісі» кітабында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбековтың өнегелі өмір жолын, мемлекет ісіндегі қажырлы еңбегін, қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты зерттеген отандық және шетел ғалымдарының ғылыми мақалалары мен танымал тұлғалардың эсселері және мазмұнды сұхбаттары енгізілген.

Жаңа туынды жайында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев: «Елдік мүдде жолында Елбасы ерлікке бара-бар істер еншісіне жазылғандар арасында Мырзатай Жолдасбеков – бүгінгі көзі тірі абызымыз, нартұлғамыз. Ұлт руханиятының ұлы жолындағы ұлағатты ұраншымыз, Тәуелсіздігіміздің, Елбасымыздың насихатшысы, өз сөзімен айтқанда айнымас нөкері» деп лебізін білдірген.  «Қорқыт ата аңыздары мен күйлерінде» Қорқыт ата жайындағы аңыздар мен ұлы қобызшының күйлері алғаш рет кең ауқымда беріліп отыр. Кейбір аңыздар мен жаңадан табылған күйлері музыкалық мұрасын зерттеушілер үшін тың жаңалық.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын