Теміржолды жөндеуде 100 мың тоннадан астам қазақстандық рельс пайдаланылған

0
21 Желтоқсан 2018, 12:22 303 0

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың басынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 860 км астам темір жолы күрделі жөндеу көрді. Толықтай алғанда АҚ жол шаруашылығында жыл соңына дейін шамамен 870 км магистралдық желіні күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Желілерді жаңғырту үшін Ақтөбе рельсарқалықты зауытының өнімдері кеңінен пайдалануда. Қазақстандық өндірушілер теміржолшыларға 100 мың тоннадан астам рельс қойып отыр.

«Жоғарғы техникалық және пайдалану сипаттамаларымен ерекшеленетін АРАЗ ұзынөлшемді рельс өнімдерін төсеу түйіспесіз магистраль учаскелерінің ұзындығын арттырады. Осылай пойыз қозғалысы жылдамдығы қамтамасыз етіледі. Жылжымалы құрам мазмұнына жұмсалатын және жолдың өзіндік шығыны кемиді. Жолаушылар үшін жол жүру уақыты төмендейді», — дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желілері дирекциясы» АҚ филиалының жол және құрылыс департаментінің бас менеджері Саят Бәкіров.

С.Бәкіровтың айтуынша, жөндеу кезінде заманауи жол техникасы пайдаланылады: Duomatic түзету-тығыздау машинасы, DGS жол стабилизаторы, PBR баластты жоспарлаушы, RM шағылтастазарту машинасы және өзгелері.

Қазіргі кезде созылған магистралдық жолдың ұзындығы 21 мың км. Оларды жаңғырту жүктердің жедел жеткізілуі, жолаушылардың жол жүруі үшін жайлы жағдайлар мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жүктер тасымалы мен жолаушылар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған темір жолдарды жаңғырту «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысындағы басымдықты бағыт болып табылады.

Контейнерлік пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыру, жүк және жолаушылар пойыздарын кедергісіз өткізу үшін жағдайлар жасау, теміржол инфрақұрылымдарын ұстап тұру, транзиттік дәліздердің өткізу мүмкіндігін арттыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысының басымдықты бағыты.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ