Қоймаларда не сақталғаны анықталды. Тараз маңындағы жарылыс

0

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс болған әскери қоймалдарда не сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өрт шыққан орынды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт себебі анықталып жатыр. Қоймаларда инженерлік қару-жарақ сақталған. Олар алысқа ұшпайтын заттар«, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігі мақсатында жақын маңдағы үй тұрғындарын эвакуациялау ұйғарылды. Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия аттанды. Олар ТЖ салдарын жоюмен айналысатыны айтылады.

Мұның алдында Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әскери қоймадан өрт шыққанын растаған еді.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кейін куәгерлер әлі де жарылыс болып жатқанын хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, әскери қойма жақтағы жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Жарылыс тіпті Тараз қаласы тұрғындарына естілген.