Жамбылдағы алапат жарылыс: Тоқаев үндеу жасады

0
5650

Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер вице-министрі ұшып кетті. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері, Ішкі істер вице-министрі ұшып кетті. Таяу маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің шамамен 30-ы жарақат алды», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, өрт салдарын жою жөніндегі жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған. ТЖМ, ІІМ бөлімшелері оқиға орнына шоғырландырылған. Темір жол қатынасы уақытша тоқтатылды.