Қоянбаевтың анасы: Нұрлан бала күнінде-ақ тауық сатып, бизнес жасауды үйренген — Қазақстан жаңалықтары

0

Әзілкеш, продюсер, тележүргізуші әрі актер Нұрлан Қоянбаев өзі мен өмірі туралы сұхбат берді. Ол жайлы жақындары мен достары, әріптестері естеліктерін айтты. Нұрлан қандай бала болды? Қандай оқушы болды? Жетістіктерге қалай жетті? Оқи отырыңыз.

Бұл туралы Дастархан бағдарамасында айтылды. 

Нұрлан Қоянбаев бала күнінен ерекше болып өскен. Ерке болғанымен тентектікке бармапты. Бала күнінен бизнеске, ақша жасауға епті болған. Бұл туралы анасы айтты. 

«Нұрлан 15 жыл ерке болып өсті. Мектепте үздік оқушы болды. Мектепті алтын медальға бітірді. Тентектік жасап, өте бұзық бала болған жоқ. Бірақ бала болса да, уыс-уыс ақша ұстап жүретін. Бақытжан есімді досы екеуі бала күнінен тауыққа қызықты. Екеуі таңғы 5-те тұрып, базарға кететін. Сөйтсем орыстың апаларынан тауық сатып алып, оны базарға сатады екен. Солай ақша жасауды үйренген», — деді анасы Тұмаркұл Қоянбаева.

Нұрланның әзілге жақындығы, өнерге келуі анасынан дарыған қасиет болса керек. Себебі анасы біршама жыл аурухана қызмет еткен. Аурухана атынан байқау, жарыстарға көп қатысқан. Ол кездегі сценарийлерді анасы жазатын көрінеді. Анасының қасында отырып, сценарий жазу, әзіл айту сынды дүниелерді үйреніп өскен. 

Әзілкеш әлі күнге ауылы Шиелідегі ағайындарымен дос-сыныптастарымен, ауылдастарымен араласып тұрады. Жиі көріседі.

«Нұрлан бала күнінде кейін президент болам дейтін. Сол кезде біз онда есікті теуіп кіреміз деп күлетінбіз», — деп еске алады көршісі.

Дәулет Бижанов Нұрлан Қоянбаевты білікті маман, білімді басшы екенін айтады. 

«Нұрлан Қоянбаев маған көп нәрсе үйретті. Ел алдына мені Дәулет Бижанов деп алғаш таныстырған адам. Шетелге алғаш шығарған адам. «Маған әлдене үйретсе, сен мұны ақыл деп қабылдама. Мен саған айта отырып, оны өзіме де айтамын» дейді. Мотивация берген кезде, жалаңаяқ қыстыгүні жүгіріп кетуге даяр тұратынбыз.Тәлімгерлігі мықты», — деді актер Дәулет Бижанов.

Президент болуды армандаған Қоянбаев 17 жыл Шиелі ауылында тұрды. Көңілді тапқырлар клубында 17 жыл ойнады. Телевидение саласында еңбек етті. Қазір кино түсіруді қолға алған ол болашақта талай кино туында жасауды жоспарлап жүр. 


«Халық саған ақымақ па?»: Уәлибек Әбдірайымов Нұрлан Қоянбаевқа ашуын төкті


 

stan.kz