Балабақшалар ашылады – үкімет түсініктеме берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

147 0 0

Ірі сауда орталықтарының ашылуы әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қандай нысандардың ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгіннен бастап 2 000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік сатпайтын дүкендер, сұлулық салондары мен балаларды дамыту орталықтары ашылады. Саябақта қыдыруға болады. Ал сол жерде ойын-сауық қызметтерін әзірше ашуға рұқсат жоқ», – деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекшілік топтары ашылады. Бірақ барлық санитарлық норма сақталуы шарт.

«Қазіргі кезде ірі сауда орталықтарына қатысты сұрақтар көптеп түсуде. Әзірше, ондай нысандар ашылмайды. Бұл мәселе әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қарай бөлек-бөлек қарастырылады. Көпшілік шараларға тыйым салынған», – деп атап көрсетті Тоғжанов.

Оқи отырыңыз: Президент төтенше жағдайдан кейін қандай өзгеріс болатынын айтты



sputniknews.kz