Қазіргі жаңа тікұшақ тасушылар қандай

0

Әлемде тікұшақ тасушылар құрастыру саласы қарқынды дамып келеді. Арнайы кемелер жыл сайын жетілдірілуде

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Жүздеген теңіз жаяу әскері, ондаған бронды техника мен десанттық операциялар туған жағалаудан мыңдаған шақырым жерде болады.

Себебі Ресей флоты 2020 жылдың ортасында жаңа санаттағы бірегей десанттық кемелерге қол жеткізеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Кеме құрастырушылар, конструкторлар және әскерилер болашақ бірегей десанттық кемелердің жоба детальдары мен міндеттерін келісіп жатыр.

Үлкен жоспарлар

Тікұшақ тасушылар Керчьтегі «Залив» кеме құрастыру зауытында жасалады. Екі бірегей кеменің құрылысын бастау 2020 жылғы жоспарланып отыр.

Ал оларды Ресей әскери-теңіз флотына тапсыру 2025 және 2026 жылдарға көзделген. Серия одан әрі жалғасуы мүмкін.

Кемелер нақты қандай жоспар бойынша салынатыны әлі белгісіз.

Еске салсақ, Франциямен «Мистраль» типті тікұшақ тасушыларды жеткізуге келісімшарт бұзылғаннан кейін ресейлік кеме құрастырушылар бірден бірнеше нұсқа дайындап қойды.

2015 жылы Нева жоба-конструкторлық бюросы «Прибой» бірегей десанттық кемесінің тұжырымдамасын таныстырды.

Су ығыстырғыштығы 14 мың тонна болатын бұл кеме екі айға дейін автономдық түрде жүзе алады, маршрут алыстығы – 11 мың километр.

Тағы оқыңыз: Ресей Ту-22М3 зымыран-тасығышын не үшін қайта іске қосты

«Прибой» сегіз Ка-27 тікұшағы мен алты десанттық катерді орналастыруға есептелген.

Бұған қоса, кемемен 500 десантшы мен 60 бронды техника тасымалдауға болады.

Крылов мемлекеттік ғылыми орталық тікұшақ тасушының өз нұсқасын ұсынды. Ол ірілеу әрі суы ығыстырғыштығы 24 мың тоннаны құрайды.

Оған он алты Ка-52, түкұшағы, көліктік-әскери Ка-29 бен көпмақсатты Ка-27 сыйып кетеді. Бортында 500 десантшы мен елу әскери техника тасымалдауға болады.

Бірегей десанттық кеме жылдамдығы – 20-дан астам торап, жүзу ұзақтығы да шамамен «Прибойдікі» сияқты, бірақ автономдық төмен – барлығы 30 тәулікке жуық.

Кеме өзін-өзі қорғауға қажетті қару-жарақпен жабдықталған.

Сүңгуір қайықтарға шабуыл

Отандық әскери-өнеркәсіптік кешеннің бұндай кеме құрастыру тәжірибесі бар екені айта кеткен жөн.

Дегенмен советтің тікұшақ тасушалардың шетелдіктерден айырмашылығы көп болған. Солай болуы тиіс еді.

Совет тікүшақ тасушыларының артықшылықтары да, кемшіліктері де болса да, олар Жерорта теңізі мен Антлантикада міндеттері сәтті орындап шықты.

Олар тікелей міндеті — су астыдағы кемелермен күресіп қана қоймай, құтқару әрі іздестіру операцияларына қатысқан.

Ортақ идея

Батыс елдерінде тікұшақ тасушыларды құрастыру тәжірибесі біршама мол. Әсіресе, бұл істе америкалықтар көп жетістікке жеткен.

Қазір АҚШ-та «Америка» атты десанттық кемелердің жаңа сериясының бас кемесі саналады.

КСРО-да да америкалықтардікі сияқты десанттық кемелерді жасау бойынша жоспарлар болғанын атап өткен жөн болар.

Бұл кеме жобасы америкалықтардың кемесінен еш кем түспеген. Бірақ жоғары іскери қолбасшылығы ішіндегі қарама-қайшылықтар салдарынан бұл жоба жүзеге аспай қалған.

Ал КСРО құлағаннан кейін жұмыстар мүлде тоқтатылған.



sputniknews.kz