ҰҚК Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

0

Бұл факт қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есірткі тасымалдау тобы әрекетінің жолын кесті. Олар астанадан «PVP» синтетикалық есірткісін жеткізудің өңірлік каналын ұйымдастырған.


©
Photo : ҚР ҰҚК ресми сайтынан алынды

ҰҚК Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

2019 жылдың 6 қарашасындағы жедел-іздестіру шарасын жүргізу нәтижесінде Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды», – деп жазылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды.

Тағы оқыңыз: Қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК арнайы операция өткізді

Бұл факт қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізімге тіркелді. Ұсталғандар Көкшетау қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз