Блогер видео түсіріп тұрған кезде қорқынышты жағдай болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

https://sputniknews.kz/images/678/13/6781319.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/world/20191205/12210726/bloger-video-qorqynyshty-zhagday.html

Ол бейне жазып жатқан кезде түсініксіз жағдай болды. Алайда желі қолданушыларының көбі видео авторына сенбей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Желіде америкалық блогер Дэйзи Маркестің видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол сөйлеп тұрған кезде есік өзінен-өзі ашылып кеткен, деп жазады Sputnik International.

Жарнама ролигін жазып жатқан кезде есік ашылып кеткен. Блогер сөзін тоқтатып, болған жағдайды түсінбей қалады. Кейін бұрылып, баспалдаққа қарайды. Автор үйде ешкім жоқ екенін айтты.

Маркес баспалдақпен төмен түскен кезде өзін біреу «итергенін» де жеткізді. Алайда оның сөзіне желі қолданушыларының көбі сенбей отыр. Олар блогер өзі жарнамалап отырған өнімге назар аударғысы келгенін айтады.



sputniknews.kz