Қазақтарды «мамбет» деген редактор қызметінен босатылды

0

Петр Бологов «Медиазоны. Центральная Азия» бас редакторы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды  Kznews.kz сайты Kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Редактор «Медиазоны. Центральная Азия» басылымында қазақтарға қатысты «мамбет» сөзін қолданған.

«Медиазона» өзінің бас редакторы Сергей Смирновтың бұл жағдайға қатысты үндеуін жариялады.

«Біз Петр Бологовпен жұмысты тоқтатамыз. Ол енді басылым редакторы емес. Біз барлық мәліметтерді талқыладық. Иә, ксенофобиялық лексика бірнеше рет қолданылған және бұл қате әрекет.  Сіздер бұл шешімді ұзақ күттіңіздер, бірақ бізге редакциядағы барлық журналистермен жағдайды талқылау қажет болды. Кешіріңіздер», — деді Смирнов.

«Мен бұл іске араласып, бар түсініспеушіліктің алдын алуым керек еді», — деп толықтырды ресейлік журналист.

Оның айтуынша, қазақстандық журналистер – Никита Данилин мен Мадина Куанованың жұмыстан шығарылуы өте жағымсыз көрініс ретінде орын алды.

«Өкінішке орай, мен барлық тараптардың пікірін тыңдап, себептерін егжей-тегжейлі зерттеуім керек еді. Эмоцияларға ерік беріп, мен өзімді дұрыс ұстамадым. Мен Мадина мен Никитадан кешірім сұраймын», — деді Смирнов.

Бұған дейін Данилин мен Куанова «Медиазонаны. Центральная Азия» басылым редакциясының басшылығы қаңтар айындағы оқиғаларды «мамбеттер революциясы» деп атағанын, ал олардың өздері себепсіз жұмыстан шығарылғанын айтқан болатын.

Фото: kaztag.kz