«Махаббатыммен жолықтым»: Мөлдір Әуелбекова жаңа жазбасымен елді қызықтырып қойды

0

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram желісінде Rolls Royce көлігінің жанында суретке түсіп, жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Алайда әнші көлікті сатып алғанын немесе алмағанын нақты айтпады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Осыған дейін Мөлдір Әуелбекова ерекше отбасылық қуанышымен бөліскен болатын. Әнші асқар тау әкесіне көлікті табыстаған сәтін оқырмандарының назарына ұсынған еді. Ал бұл жолы әнші өзі жаңа көліктің жанында түскен суретін желіге салып, «Махаббатыммен жолықтым. Бұйырса, біз біргеміз», — деп жазып қойды.

Ал әншіні «жаңа көлік тізгіндеді» деп ойлаған желі қолданушылары оны темір тұлпарымен жарыса құттықтады. «Құтты болсын», «Бізге де осындай тұлпар бұйырсын», «Тек жақсылыққа пайдаланыңыз» деп жазды желідегілер.