Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

0

ШҚО облысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 19-ақпан күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

Сонымен қатар синоптиктер Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 19 ақпанда бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Т

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz