Қазақстанның семсерлесу командасында жыныстық жанжал орын алды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы ең мықты семсерлесушілердің бірі 19 жастағы Тамила Муридова өзінің әріптесінен зорлық көргенін айтты.

Спортшы ер адамды 16 жасында кездестіріп, оған ғашық болып қалған. Қыздың айтуынша, одан жеті жас үлкен ер адам оны зорлап, ұрған.

«Менің бетімді көгертіп, тістерімді сындырды. Соңғы рет 24 ақпанда ол менің мұрнымнан ұрып жіберді, қатты қан кетіп, мұрным ісіп кетті», – дейді жәбірленуші.

Полиция бұл мәлімдемені қабылдап, «зорлау» бабы бойынша іс қозғады.

«Іс бойынша барлық алғашқы тергеу шаралары мен сараптамалар жүргізілді. Сараптама нәтижелері әлі дайын емес. Кешенді шаралардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады», – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдікті әлі бостандықта жүр. Егер тексеру барысында оның кінәсі дәлелденсе, ол қамауға алынады.

Семсерлесу федерациясы бұл жағдай туралы түсінік беруден бас тартты. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Муридованың қиын қарым-қатынасы туралы білетінін, бірақ оған әсер ете алмайтынын айтты.

Тамила Муридова – семсерлесуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Қазақстанның 100 жаңа келбеті» жобасының қатысушысы.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз