Қазақстанның оңтүстігі неге жарықсыз қалды?

0
27

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жақында төрт бірдей оңтүстік өңір тұроғындары жарықсыз қалған болатын. Энергетика министрлігі себебін анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. «KEGOC» АҚ ұлттық операторы елдің оңтүстігіндегі елдімекендерге жарық берілгенін хабарлады.

Жақында Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықсыз қалған болатын.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, желіде «KEGOC» ұлттық операторының  500 кВ-ы сөндірілгендіктен, төрт облыстың тұрғындары жарықсыз қалған.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда полиция «Хан Шатырды» қоршап алды  

«Қазіргі уақытта шектеу алынды, электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Абоненттерді қосып жатырмыз», – деді баспасөз қызметі.

Мамандар себебін анықтап жатыр.



sputniknews.kz