Қазақстандықтарға өз зауытын салуды ұсынды — Қазақстан жаңалықтары
«Самұрық-Қазына» қоры отандық кәсіпкерлерге оффтейк-шарттар арқылы өнімді өткізуге кепілдік бере отырып, өз зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Қуат Қожахметовтың айтуынша, дағдарыс кезінде оффтейк-шарттар — бизнес үшін ең қолайлы механизм, ол бір жылдан артық келісім-шарттарды алуға мүмкіндік береді. Мұндай шарттар өндірушіге сатуға, ал компанияларға әлі өндірілмеген тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді.
«Банктер бизнеске берілетін оффтейк-шарттарды жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаларды қаржыландыруға кепіл ретінде қарастыратын болады. Кәсіпорындарда өнімнің нақты көлемін кепілді өткізу пайда болады», — деді Қуат Қожахметов.
Қазір тұрақты қажеттілік бар, бірақ Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар пулы қалыптасып жатыр. Тізбе ұзақ мерзімді қажеттіліктің жалпы көлемі 250 миллиард теңгеден асатын 1200-ден астам позицияын қамтиды. Компаниялар пулді кеңейту бойынша ұсыныстар енгізе алады. Сондай-ақ, компаниялар Қазақстанда баламасы жоқ жаңа өндірістерді «Самұрық-Қазына Инвест» арқылы бірлесіп қаржыландыра алады.
Қазіргі таңда 22 миллиард теңгеге 35 шарт жасалды, 2018-2020 жылдары жеке инвестициялар көлемі 220 миллиард теңгені құрады. Бұл жобаларда 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
stan.kz