Нұр-Сұлтандағы субұрқақта Димаштың әндерін қосуға бола ма – видео

0
0

Мамыр айының басынан бері елордада 70-тен астам субұрқақ қосылды, олардың төртеуі – музыкалық. Субұрқақтар кешкі сағат сегізден 23.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері түн ортасына дейін «әндетеді»

Астанадағы музыкалық субұрқақтар жаз мезгілінде тұрғындарды ыстықтан құтқарады. Күндіз суда бүлдіршіндер асыр салып ойнаса, кешке олар ата-аналарымен бірге түрлі-түсті шоуды тамашалайды.

Субұрқақтар күн сайын кешкі сегізден түнгі он бірге дейін «ән салады», мереке мен демалыс күндері он екіге дейін қосулы тұрады. Әкімдік субұрқақ құрылысы жүріп жатқан кезде-ақ оның репертуарын бекітіп қояды. «Дирижер», яғни кезекші оператор су ағынын басқару орталығынан іске қосып отырады.

«Кешкі сағат сегізге дейін музыка қосуды сұрайтындар бар. Егде жастағы кісілер келіп Димаштың әнін қосуды сұрайды. Бізде осы бағдарлама тұрғанын оларға айтып түсіндіре алмайсың», – деді Ботаникалық бақтағы «Тайқазан» субұрқағының операторы Владимир Назаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Жақында Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов астаналық меломандар үшін қуанышты жаңалықты хабарлады.

«Биыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, әндердің репертуарын өзгерту туралы ой бар. Сіздің пікіріңізше, қандай әндер қойылуы қажет? Карантин аяқталған соң кейбіреулер өзі ұсынған әнді тыңдай алады», – деді ол тұрғындарға.

Аудан әкімдігі Sputnik Қазақстанға Димаштың әндерін субұрқақ репертуарына қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жұмыстың күрделі екенін, алайда бағдарламаның жазылып жатқанын хабарлады.

Владимир Назаров екі жылдан бері «Тайқазан» субұрқағында оператор болып жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол бағдарламадағы барлық әуенді жатап алған.

«Ботаникалық бақтағы «Тайқазан» субұрқағында тоғыз композиция бар, оған шамамен 35-37 минут уақыт кетеді. Одан кейін циклдік режимді орнатамыз, яғни ән қайталанып тұрады. Бізде классика да, Батырхан Шүкеновтің әні, «Здравствуй столица!» әні де бар», – деді ол.

«Астана-Сантехсервис-С» ЖШС директорының орынбасары Владислав Нагорнов субұрқақтары жыл бойы қызмет көрсететінін, жөндеу жұмыстары қыстан кейін басталатынын атап өтті.

Елордадағы субұрқақтардың қалай ән салатынын видеодан көре аласыздар.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз