Елімізде тамыз айында жазғы мектеп іске қосылатын болды – Қазақстан жаңалықтары

0
13
Advertisement

Биылғы жылы тамыз айында білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

мектеп

Бұл туралы ҚР білім және ғылым Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай мәлім етті. 

«Біз электрондық форматты құжат өткізу жүйесін ата-аналар үшін барынша ыңғайлы етіп жасадық. Білім және ғылым министрлігі мұндай қызмет түрін бірінші рет іске қосқандықтан, аяғына дейін жеткізуі керек біраз жұмыс бар», – дейді департамент басшысы.

Бұған қоса министрлікке қарасты мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1-сыныпқа келетін балалардың оқып, жазуды біліп келуі міндетті емес екендігін жеткізді. 

«1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейді. Екіншіден, төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты балабақшалар өткен жылғы оқу бағдарламасын қайталап оқытады. Одан бөлек, биыл тамыз айында білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл айда төртінші тоқсанда оқылмай қалған тақырыптарды оқып, тапсырмаларды орындайды», – деді комитет төрайымы. 

Еске салайық, елімдегі мектептерге бірінші сыныпқа балаларды қабылдау 1 маусымнан басталған еді. 

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз