Қазақстандықтарға орыс тілінсіз қиын болады — Тоқаев

0
181

Қасым-Жомарт Тоқаев “Россия 24” арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс тілі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстанда орыс тілін қолдану аясы тарылды деген сөз жалған.

“Қазақстанда орыс тілін қолдану аясы тарылды деп айтып жатыр. Мұның барлығы жалған. Барынша саясиландыруға тырысып жатыр. Және  мұның не үшін жасалып жатқанын да білемін. Қазақстанда орыс тіліне ешқандай қысым жасалған жоқ. Дегенмен қазір қазақ тілінде білім алуға деген сұраныс артты. Осыны да естен шығармау керек. Мемлекеттің атауында да “Қазақ” деген сөз бар. Сондықтан біз бұл адамдардың қызығушлығын қанағаттандыруымыз керек”, – деді Тоқаев сұхбат барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандықтарға орыс тілін білу қажет.

“Орыс тілін білмеу ел тұрғындары үшін географиялық тұрғыдан қиын болады. Себебі Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын ортақ шекарасы бар елдер. Әрі өз тілін де білуі міндетті”, – деп түсіндірді Тоқаев.

(Ақпарат stan.kz, фото nurmedia.kz)