«Украина мен Ресей арасындағы соғысты тек Назарбаев тоқтата алады»

0
1869
news.myseldon.com

Этноұлттық стратегиялар агенттігінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Кобринский Ng.ru порталына берген сұхбатында Назарбаевтың Путинге не үшін келгенін болжауға болатынын айтты, — деп жазады Oinet.kz сайты. Оның айтуынша, Назарбаевтың делдалдық қызметте үлкен тәжірибесі бар.

“Ол Түркиямен, араб елдерімен жақсы қарым-қатынаста және англо-саксон әлемімен де жақсы тіл табысады. Бүгінгі күнге дейін ресми лауазымдарды атқармай және елеулі халықаралық беделге ие бола отырып, Путинмен де жақсы қарым-қатынаста бола отырып, ол Ресей мен мүдделі елдер немесе түрлі мәселелерді қарайтын елдер одағы арасындағы тамаша делдал. Мүмкін, бұл жерде Украинадағы қақтығыс талқылануы мүмкін. Сонымен қатар, Еуропалық одақ бұл қақтығыстан қалай шығу керектігін білмей отыр. Ал Назарбаев өткен жылы РФ мен Украина президенттеріне келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан аумағын ұсынған болатын”, – дейді Кобринский.