Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарханға қанша ақша жұмсайды? — новости Казахстана

0

Жаңа жыл мерекесі күн санап жақындап келеді. Ал жұртшылық айтулы мерекеге арнайы сыйлықтар мен жаңа жылдық дастарханға азық-түлік алуды бастап кеткен. Қазақстандықтардың мерекелік дастарханға қанша ақша жұмсайтыны туралы «Астана» телеарнасы айтып берді.

Көрнекі фото: finobzor.ru

Көрнекі фото: finobzor.ru

Телеарна тілшілері мереке жақындаған сайын саудагерлердің азық-түлік бағасын көтеретініне кәміл сенімді. Олар қарапайым халықтың жаңа жылдық дастарханға қанша қаржы жұмсайтынын білу үшін көшеге шығып, сауалнама жүргізген.

Кейбір супермаркеттердегі сатып алушылар биылғы жылы сыйлықтарға жұмсалатын шығынды есептемегенде, Жаңа Жылды қарсы алуға 30-40 мың теңге жұмсауға дайын екенін мойындаған. Олар биылғы мереке бәрібір қымбат болатынын айтыпты.

Ал екінші отбасы жаңа жылдық үстелге 40-50 мың теңге жұмсайтынын жеткізген.

Әділ Өнербаев атты тілшіжаңа жылда бір салатты дайындауға екі мың теңге қажет екенін, оны даярлау үшін еңбек пен уақыт керегін айтыпты.

Ал Алматы қаласының тұрғыны Татьяна Пактың айтуынша, мерекеге арналған дастархан ұлкен жанұяға 31 желтоқсанға да, 1 қаңтарға да жетеді.

Жаңа жылды мейрамханада қарсы алғысы келетіндер 17 мың теңгеден бастап қаржы құюы қажет. Сондай-ақ, олардың мерекеге дейін бірнеше апта бұрын тапсырыс беріп қойғаны дұрыс.

«Шымкенттік жұрт әрдайым етті жақсы көреді. Сол себепті біз үнемі ет тағамдарымен таң қалдыруға тырысамыз», — дейді мейрамхана әкімшісі Дильшат Түлеметов.

Одан бөлек, тілшілер мереке күні әртістердің қалай жұмыс істейтінін айтты. Ивент-агенттіктің директоры Ольга Германның сөзінше, Аяз Ата мен Ақшақар қаңтар айының ортасына дейін сағат таңғы 9-дан түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Ал өнер көрсетулердің бағасы 15 мың теңгеден басталады екен.

Дереккөз: «Астана»