Еліміздегі бірнеше облыстардың мектептерінде сабақ тоқтатылды

0
Еліміздегі бірнеше облыстардың мектептерінде сабақ тоқтатылды


Қатты аязға байланысты бірқатар өңірде және Астанада 25 желтоқсан күні мектептерде сабақ болмайды.

Қостанай қаласының бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптарына сабақ болмайды. Павлодарда 1-ауысымда оқитын 1-9 сыныптарға сабақ болмайды. Температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, ШҚО білім басқармасы Семейде, Риддерде және облыстың 3 ауданында сабақ болмайтыны туралы хабар таратқан. Семей қаласында минус 30 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымда оқитын 1-11 сыныптары және колледждердің 1-2 курстары оқымайды. Риддерде ауа температурасы минус 28 градусқа төмендейді, 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарға сабақ болмайды. Зырян ауданында минус 28 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымда оқитын 1-4 сыныптарға сабақ болмайды.

Шемонаиха ауданында -32 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарға сабақ болмайды. Аягөз ауданында минус 29 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымда оқитын 1-11 сыныптардық оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды. Жарма ауданында минус 28 градусқа дейін аяз болады, 1-ауысымдағы 1-9 сыныптарға сабақ болмайды.

25-26 желтоқсан күндері Ақмола облысында ауа температурасы минус 32-37 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 40 градустық аяз болады. 25 желтоқсан күні 0-11 сыныптарға сабақ болмайды, деп хабарлайды Көкшетау қаласының білім басқармасы Фейсбуктегі парақшасында. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында минус 35 градус аяз болғандықтан бүгін 0-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат