Солтүстік Корея билігі студенттің өлімі үшін жарты миллиард доллар төлеуге міндеттелді – Жаһан

0

АҚШ соты КХДР билігіндегілерді Солтүстік Кореядағы түрмелердің біріне қамалған соң қайтыс болған америкалық Отто Уормбиердің отбасына 501 миллион доллардан аса ақша төлеуді міндеттеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Соттың үкіміне сәйкес, өтемақы Уормбиердің ата-анасы – Фредерик пен Синтия Уормбиерге төленуі тиіс. Олар енді КХДР билігіндегілерге соттың үкімі жайлы хабарлауы керек.

Отто Уормбиер 2016 жылдың наурызында ұсталған болатын. Ол пропагандалық плакатты жұлып кеткені үшін сотталған еді. Америкалық түрмеде 17 ай болған. Кейіннен КХДР-ға оралғанда қатты ауырып, бірден қайтыс болған. Өлімінің себебі белгісіз. Ата-анасы бастапқыда миллиард доллар өтеуді талап еткен.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз