Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен жарыста жеңіске жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-та өткен ITF Futures халықаралық додасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz Қазақстандағы Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен жарыста жеңіске жетті

Жарыстың ақтық кезеңінде қазақстандық спортшы америкалық Себастьян Кордадан басым түсіп, 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Попко америкалық Александр Ритсчардты жеңіп, ширек финалда АҚШ-тың тағы бір өкілі Хэррисон Адамспен ойын көрсетіп, басым түсті. Екінші айналым ойынында қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы Стефан Козловты, ал келесі ойында америкалық Кристиан Алшонды жеңді. 

Айта кетсек, жарыстың сыйлық қоры 15 мың долларды (5 млн 700 мың теңгеге жуық) құрады. 

Еске сала кетсек, бұл Попконың биылғы жылғы бесінші жеңісі. 

 

stan.kz