Реферат: Қазақ әдебиеті | Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов

0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов казакша Реферат: Қазақ әдебиеті | Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов на казахском языке

Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. Уәлиханов оқу-ағарту және ғылымның рөлін жоғары бағалады, ғалымдармен, саяхатшылармен, декабристермен жақын қарым-қатынас орнатып, Орыс географиялық қоғамының ғалымдарына қазақ халқы мен даласы жөніндегі ғылыми, этногр. материалдар жинауға көмектесті. Уәлихановтың жинаған жәдігерлері мен мәліметтері Мәскеудегі көрмеге қойылып, С-Петерургте өткен шығыстанушылардың 3-Конгресінде көрсетілді. 1868 ж. полковник шенінде отставкаға шықты. Этнографиялық топтама үшін жинаған жеке заттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы және Гамбург мұражайларында сақтаулы. Қалтқысыз қызметі үшін Ресейдің бірнеше орден, медальдарымен марапатталған.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз