Қазақстандық танымал әнші Альбина Шардарова екінші қызын дүниеге әкелді

0

Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде бөлісті. «СҮЙІНШІ!
Бүгінгі қасиетті ЖҰМАда,17.09.2021 күні, түскі 14:45 -те ,салмағы 3810,бойы 52 см болып, Алланың қалауымен дүниеге екінші принцессамыз келді.
Шүкір,екеуміздің де жағдайымыз жақсы!
Біз үшін тілеулес болып,дұға жасаған жақындарыма,оқырмандарыма алғысым шексіз!
Енді құттықтап қойсаңыздар болады
Бауыржан екеуміз екінші рет ата-ана атандық,Жасминіміз әпке атанып жатыр»-деп әлеуметтік желіде Альбина ханым бөлісті.

Естеріңге сала кетейік, Альбинаны халық Қуандық Рахыммен бірге орындаған» Болайық бірге» әнімен таниды. Үш жыл бұрын Альбина отандық тележүргізуші, актер Бауыржан Сатовқа тұрмысқа шыққан еді. Бүгінде екі қыздары бар.