Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сұлтан Зауырбек 32 жастағы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек грузиялық Георгий Гачечиладзені жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан бокс кешінде жерлесіміз грузиялық спортшымен қолғап түйістірді. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланды. Алайда қазақстандық боксшы грузиялық қарсыласын жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Бұған дейін алғашқы раундтарға отандасымыз оны нокдаунға жіберген болатын. Осылайша, 23 жастағы Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетсек, Сұлтан Зауырбек – (7-0, 5КО) МТК Global промоутерлік компаниясының өкілі. 2014 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров жұдырықтасады.

Сондай-ақ, бұл кеште Нордин Оубаали мен Дэвид Оливер Джойс сынды әлемдік спортшылар да қолғап түйістіреді. Олар жеңіл салмақта WBC нұсқасы бойынша және жартылай жеңіл салмақта WBO нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы атағын қорғайды.



sputniknews.kz