Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаңа жекпе-жек сарайын ашты

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа «Jekpe-Jek» сарайына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Жастар жылын атап өту аясында «Jekpe-Jek» сарайында Елорда күніне арналған жекпе-жек өнерінің гала-фестивалі өтті.

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.

Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.



sputniknews.kz