Қазақстандағы төтенше жағдай: Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында не айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мамин

Үкімет басшысы барлық ұйымдар мен нысандарда санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар өткізу, дәріханалар желісін дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтуді тапсырды. 

Ішкі істер министрлігі мен арнайы мемлекеттік органдарға коронавирустың таралуымен күресуге тартылған медициналық және карантиндік нысандарды қорғауды күшейту тапсырылды. 

«Сауда және интеграция министрлігі ірі сауда желілерімен және азық-түлік тауарларының жеткізушілерімен, сондай-ақ әкімдіктермен барлық қажетті өнімдер мен алғашқы қажеттілік тауарларын үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін пысықтауы тиіс», — деді  Мамин. 

Премьер-министр цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жоғары жылдамдықты интернеттің жұмыс істеуі мен қызметтерді барынша электронды түрде көрсетуді қамтамасыз етуді және қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуді ынталандыруды тапсырды. 

«Әкімдер мемлекет басшысының төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығына сәйкес жергілікті жерлерде тыйым салынған және шектеу қойылған шараларды іске асыруды жеке бақылауға алуы тиіс. Барлық азаматтарға елдегі тұрақты жағдайды сақтау және Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау үшін барынша күш салу қажет», — деп түйіндеді Асқар Мамин.

stan.kz