Қазақстандағы Наурыз мейрамы он күн бойы тойланады

0
2204
Фото: mediaworld.kz

Қазақстанда үкімет бекіткен тұжырымдама бойынша Наурыз он күн бойы тойланбақ.

Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ашық НҚА» порталына «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы » үкімет қаулысының жобасын әзірледі және орналастырды.

Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн өткізу жоспарлануда. Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады:

14 наурыз – «Көрісу күні»

15 наурыз – «Жайлау күні»

16 наурыз – «Шежіре күні»

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»

18 наурыз – «Игі істер күні»

19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»

20 наурыз – «Зияткерлік күні»

21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»

23 наурыз – «Жоралғы күні»