Қазақстанда төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзарту туралы жалған ақпарат таратылуда — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзарту туралы созылады деген ролик таратылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде «Хабар24» эфирінде өткен сюжеттің үзіндісі алынып, жалған ақпарат таратылып жатыр. Сюжетте Франциядағы коронавирус жағдайына байланысты карантин мерзімі ұзартылатыны хабарланған болатын.

Әдейі қысқартылып алынған сюжетте ақпараттың мазмұнын өзгертілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

stan.kz