Қазақстанда полицейлердің жалақысы өседі

0
74
Сурет: Спутник Қазақстан

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру басталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол алдағы үш жылда полицейлер мен ұлттық ұлан әскерлерінің жалақысы артатынын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру басталды. 2021-2023 жылдар аралығында полиция мен ұлттық ұлан әскері қызметкерлерінің жалақысы өседі», – дейді министр. 

Сонымен қатар, министр ішкі істер қызметкерлерінің жалақысын көбейтудің алғашқы кезеңі қалай жүзеге асатынын түсіндірді.

«Бірінші кезеңде аз қамтылған сержанттар, учаскілік полиция көмекшілері, күзет және басқа да қызметкерлердің жалақысы 15 пайздан 35 пайызға дейін көтеріледі. Себебі, олардың жалақысы өте төмен. Қалған қызметкерлердің жалақысы осы кезеңде 30 пайызға дейін өседі», – дейді Тұрғымбаев.