Home Жаңалықтар Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

0
10

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Оның алпыс бірі Нұр-Сұлтан, қырқы Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бұл шұғыл брифинг, өкінішке қарай, бүгін коронавирустан Қазақстан азаматы – әйел адам қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз, бұл – орны толмас қаза», – деді ол.

Министрдің айтуынша, ертең қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған әйел туралы толық ақпарат береді.

«Осы оқиға коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін көрсетіп отыр. Біз үшін бұл – үлкен сынақ. Биліктің оқшаулауға қатысты талаптарын орындап, төтенше жағдай мен карантинді сақтау қажет. Үйде болыңыздар, аман болайық», – деп түйіндеді Абаев.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған төрт адам ауыр хәлде жатыр 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында – 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам тіркелді.

16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал 19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылған болатын.



sputniknews.kz