Дәрігерлер Алматыда коронавирусқа шалдыққан науқасты қалай емдеп шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық дәрігерлер коронавирусқа шалдыққан науқасты қалай емдеп шыққандары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больница

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 26 наурыз күні Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан әйел адам үйіне шығарылыпты. Ол Қазақстанда індетті жұқтырғандардың бірі болған. Ақ халаттылардың сөзіндеріне сүйенсек, азаматша кеселге Еуропа мемлекеттерінде жүріп тап болған. 

«Ол 14 күн бұрын карантинге жатқызылды. Мүмкін ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Сынама коронавирустың оң нәтижесін көрсетті. Әйел вирусқа қарсы емнің толық терапиясынан өтті. Аурудың белгілері айтарлықтай байқалмады, вирусқа қарсы емді жеңіл қабылдады. Ем қабылдауда қиындықтар орын алмады. Соңғы корытынды екі сынама нәтижесі теріс болып шықты. Жалпы, ережеге сәйкес біз кез келген науқасты 14 күн емдеуіміз қажет. Тіпті, науқастың бойынан коронавирус табылмаса да осы шаралар жүзеге асырылады», — деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында — 2, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы Қазақстан бойынша 109 науқас тіркеліпті.

stan.kz