Қазақстанда 21 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
42

Sputnik Қазақстан агенттігі 21 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 22-27 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

21 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Музыкалық Афроцирк. Шара барысында Кенияның акробаттары өнер көрсетеді (Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 (7172) 24 40 60, 24 40 61).

17.00 – «Жастар – Ел тірегі» топтамасынан «Махаббат туралы скрипка әуендері» концерті. Классик-композиторлардың шығармаларынан тұратын бағдарламаны Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Жібек Мұсырғалиева мен Индира Нұрлыбай (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раиса Мұсахожаеваның класы) ұсынады. Олардың жетістіктеріне халықаралық жарыстардағы марапаттар мен жүлделер кіреді. («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1).

19.00 – «Сиқырлы сазды хор-концерт» концерті. Astana Musical  әртістері танымал және көптің сүйікті шығармаларын орындайды. Хор-концерт бағдарламасында халық әндері, әлемдік хиттер мен ретро композициялар, заманауи шетелдік және қазақстандық әндер шырқалады. Концерт театрландырылған қойылымдармен сүйемелденеді. (Qazaqstan орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы 10/1).

АЛМАТЫ

10.00 – «Jul. Скандинавское Рождество»жыл сайынғы қалалық отбасылық фестиваль. Фестивальде қонақтар ересектерге арналған дәрісхана; балаларға арналған ертегілер мен мультфильмдер; жаңа жылдық сыйлықтар жасаудан шеберлік сағаттары; даниялық стилдегі Hygge Bazaar қолөнер көрмесі; FIKA швед кофеханасы; норвегиялық brunost ірімшігі күтеді. Фестиваль екі күнге созылады. (Бегалин атындағы балалар кітапханасы, Төле би көшесі, 27).

10.00 – Алматының қызыл алмасы» VIII қайырымдылық фестивалі. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі 35. Байланыс телефоны: +7 702 112 0033).

12.00 – «Жаңа жылдық мозаика» музыкалық фестивалі («Мега-Парк» ойын-сауық сауда орталығы. Байланыс телефоны: +7 707 622 24 12).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 – QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – «Мен жұлдыз» атты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған I республикалық конкурс. Байқау бірнеше жанрлық аталым бойынша өтеді. Олар: хореография, вокал, көркемсөз (Қарағанды, Теміржолшылардың мәдениет сарайы, Мәметова көшесі, 111. Байланыс телефоны: +7 775 909 67 65).

23 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН
10.00 – 3rd IoT форумы (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

11.30 – Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен Қазақстан Республикасы президентінің жолдауын іске асыру аясында құрылыс индустриясының қазіргі жағдайы, даму динамикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кездесу (Парламент сенаты, 212-кабинет).

АЛМАТЫ
19.00 – ресейлік әнші Валерий Леонтьевтың концерті өтеді (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

24 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – «Трансперенси Қазақстан» қоғамдық қорының үндеуінде көтерілген мемлекеттік меншікті пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі кеңес (Парламент сенаты, 212-кабинет).

25 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша дөңгелек үстел (Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік және аграрлық, табиғат пайдалану және ауыл аумағын дамыту мәселелері комитеттері, парламент сенаты, 214-кабинет).

11.00 – «Чекті талап ет те, жүлде ұтып ал!» акциясының ұтыс ойыны республикалық деңгейде өтеді, оның басты жүлдесі – автокөлік. Акцияны мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Wipon мобильді қосымшасын қолдану арқылы осы жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында өткізді. Акция кезінде қатысушылар онлайн режимінде 2, 739 миллиард теңге сомасына 500 мыңға жуық чек жіберді. Акцияға қатысушылардың арасында күн сайын ұтыс ойыны өткізілді, 3 512 жеңімпаз анықталды, олардың ұялы телефонына 5 000 теңгеге дейін бірлік жіберілді (Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті. Аккредитация +7 (7172) 70 99 40 телефоны немесе [email protected], [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 – Сенаттың қаржы және бюджет комитеті депутаттарының қаржы министрімен салық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 212-кабинет).

15.00 – Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін және басқа да субъектілерді субсидиялау мәселелері бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 214-кабинет).

АЛМАТЫ
10.00 – «Когда полетом стрел отмеривался путь. Золотой человек. Курган Иссык» тақырыбында Оксана Танскойдың лекциясы өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын «Щелкунчик» балеті («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ
19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз