Қазақстанда 11 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

0
1

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

11 маусымға жоспарланған шаралар

10.00 – Парламент сенатының отырысы. Сенат отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде таратылады.   

11.00 – Қазақстан халқы ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қатысумен өтеді. Отырыс барысында «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі: Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл», «Этносаралақ саладағы мемлекеттік саясат модернизациясының басымдықтары аясындағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері», «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының перспективті міндеттері» және тағы басқа тақырыптар талқыланады. Басқа өңірлердің қатысушылары ZOOM конференц-платформасы арқылы онлайн режимде қосылады.  (Аккредитация [email protected] электронды мекенжайы арқылы жасалады).

11.00 – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: [email protected] (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінен «Изо-изоляция» айдары. Музей қызметкерлерінің көпке белгілі картиналарға жасаған пародиялары ұсынылады (трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

12 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 – танымал коллекционер Норман Толманның Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне сыйлаған туындыларының көрмесі ашылады. Көрме үш тілде өтеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

15:00 – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Шара онлайн-режимде өтеді. Кездесуді тікелей эфирде министрліктің Facebook-тегі және орталық коммуникациялар қызметінің Facebook пен Youtube-тегі ресми парақшаларынан көруге болады.

19.00 – Шыңғыс Айтматов атындағы ұлттық драма театрының онлайн-гастрольдары (Бішкек), «Демон» этникалық саунддрамасы (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының youtube-каналында).

19.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының бас режиссері Бекболат Пармановпен тікелей эфир (театрдың Instagram-дағы парақшасында трансляция жасалады).

20.00 – «Жаннат Бақтай онлайнға шақырады» концертінің премьерасы (трансляция «Астана Опера» театрының youtube каналында көрсетіледі).

13 маусымға жоспарланған шаралар

16.00 – Шыңғыс Айтматов атындағы ұлттық драма театрының онлайн-гастрольдары (Бішкек), «Дон» трагикомедиясы (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының youtube-каналында).

15 маусымға жоспарланған шаралар

9.30-13.00 – «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» атты праймеризге қатысушылардың оқу семинарлары.  Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады. Олар: партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі, праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру, саяси шешендік. Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық жаттығулар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Сабақтар тілек білдірген партиялықтар үшін ақысыз негізде өткізіледі. Семинарлар осы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызында аяқталады және сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін өтеді. Қосымша ақпаратты тұрғылықты жер бойынша партияның облыстық филиалынан немесе Нұр-Сұлтан қаласы Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан Nur Otan партиясының  Саяси менеджмент мектебінен алуға болады, тел. + 7-7172-707621, www.spm.nurotan.kz сайты, e-mail: [email protected], www.instagram.com/spm.nurotan.kz.

15.00 – Ресейде 8 маусымда басталған Key BuyersEvent аясындағы Ресей және Қазақстан кинематографистерінің онлайн-конференциясы. Презентацияда арнайы zoom-сессия аясында мынадай жобалар ұсынылады: «Эвакуация», режиссер Фархат Шәріпов, продюсер Дина Жұмабек, «Көкбозат», режиссер Ильшат Рахимов және Алдан Баймаханов, продюсерлер Алмагүл Тілеуханова (Қазақстан) және Миляуша Айтуғанова (Татарстан, Ресей Федерациясы). «Каникулы off-line» қазақстандық франшизаның продюсерлері Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашев ресейлік нарық үшін алғашқы фильмнің ремейкін ұсынады. Сондай-ақ режиссер Яна Скопина, продюсерлер Еркежан Мақсұт пен Тамара Богданова жетекшілік еткен «Скоро кончится лето» атты Қазақстан-Ресей жобасы Key Buyers Event шарасының негізгі бөлігі болды. (Барлық сұрақты [email protected]  электронды поштасына жолдауға болады).  

17 маусымға жоспарланған шаралар

9.30-13.00 – «Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?» атты праймеризге қатысушылардың оқу семинарлары.  Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады. Олар: партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі, праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру, саяси шешендік. Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық жаттығулар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Сабақтар тілек білдірген партиялықтар үшін ақысыз негізде өткізіледі. Семинарлар осы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызында аяқталады және сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін өтеді. Қосымша ақпаратты тұрғылықты жер бойынша партияның облыстық филиалынан немесе Нұр-Сұлтан қаласы Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан Nur Otan партиясының  Саяси менеджмент мектебінен алуға болады, тел. + 7-7172-707621, www.spm.nurotan.kz сайты, e-mail: [email protected], www.instagram.com/spm.nurotan.kz.

 

15.00 – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: [email protected]; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «ҚазАқпарат» ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз