Нұр-Сұлтанға жақын демалыс базасы өртке оранды — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан Жібек Жолы ауылындағы демалыс базасында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

Сурет: inform.kz сайтынан

«Жібек Жолы ауылында 10 мамыр сағат 15:41 шамасында Аstana Resort демлыс орталығының асханасында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ», — деді Ақмола облысы ТЖД өкілдері.

Қазіргі таңда қызыл алаудың шығу себебі анықталып,  жалын шарпыған ауданның көлемі есептелуде.

Өрт шыққан аймаққа облыстық ТЖД-нің төрт қызметкері мен бір техника бірлігі және Нұр-Сұлтанның тоғыз құтқарушысы мен екі көлігі жұмылдырылған. 

 

stan.kz