Қазақстан құрамасының бұрынғы хоккейшісі АҚШ-та мэр лауазымына сайланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Хоккейден ҚР құрамасының бұрынғы ойыншысы Брэндон Боченски америкалық Гранд-Форкс қаласының мэрі сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Брэндон Боченски

Ол аталған қызметте ұзақ уақыт отырған Браунды орнынан сырғытты.

Grandforksherald ақпараты бойынша, бұрынғы хоккей жұлдызы, қазір бизнесмен Боченски тек Браунды ғана емес, қалалық иммиграция қызметінің қызметкері Робин Дэвидті де жеңді.

«Сіз бес ай жұмыс істегенде, осы нәтижеге риза болуыңыз керек. Менің ойымша, қала өзгерістерге дайын болды. Және бұл біз оған әкелген ең үлкен атрибут — өзгерістер және жақсы өзгерістер», — деді Боченски.

Сайлауда Боченски 5663 дауыс жинады, немесе 49,62%. Браунда 3360 дауыс, немесе 31,81%, ал Дэвидте 1989, немесе 17,43% болды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасымен Боченски үш әлем чемпионатында өнер көрсетіп, оның капитаны болды. Ұлттық команда құрамында ол 15 матч өткізіп, 12 (5+7) ұпай жинады.

stan.kz