Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты шешім қабылданды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары екі ел арасындағы әріптестікті дамытудың жай-күйін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Қырғызстан республикасының премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады үкімет басшысының сайты.

«Әңгімелесу барысында Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында барлық өткізу бекеттерін ашу және екі ел арасындағы кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тараптар коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес пен халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі жеті өткізу пунктінің бесеуінде коронавирустың таралу қаупіне байланысты жұмысты тоқтатқанын хабарлаған болатын. Қазіргі кезде эпидемиологиялық жағдай жақсарғандықтан, барлық өткізу бекеттерінің жұмысы біртіндеп қалпына келтіріледі, деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді

Сонымен қатар Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі бір жылдан бері Қырғызстан тарапынан шекарадағы жағдай бойынша мәселе көтеріліп келе жатқаны да айтылған. Өз кезегінде Қазақстанның жауапты ведомствосының ұстанымы белгілі болды.

«Қазақстан көршілерді тасымалданатын көлік құралдары бойынша мәліметтер алмасу, жүк көліктеріне электронды пломбаларды қолдану және басқа да тәсілдермен сандық технологияларды қолдану арқылы жүктерді тасымалдаудың ашықтығы мәселесін шешуге шақыруда», – делінген министрлік хабарламасында.



sputniknews.kz